420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісі тағы шегерілді

  • 99
  • UPD: 16:36, 10.09.2020
Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісі тағы шегерілді Salem

Reuters мәліметі бойынша, мұндай шешім қорғаушылардың бірінде COVID-19 болуы мүмкін деген күдікке байланысты қабылданған.

Осылайша WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісі тағы кейінге қалдырылды.

Лондонда өтіп жатқан шулы іске қатысты сот ақпан айында басталған. Бірақ коронавирусқа байланысты тоқтап, мамыр айында кейінге шегерілген еді. Енді сот қорғаушылардың куәгерлерін тыңдауы тиіс болатын.

Ассанж адвокаттары сотқа істің саяси астары барын және 49 жастағы журналисті экстрадициялау сөз бостандығына зор нұқсан тигізетінін түсіндірмек ниетте. Ал АҚШ билігі Ассанж 2010-2011 жылдары үкіметтің компьютерлерін бұзып, құпия құжаттарды жария етті деп айыптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы