426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та әлеуметтік осал топтар үшін коронавируспен күресу күнге қиындап барады

  • 100
  • UPD: 15:28, 14.09.2020
АҚШ-та әлеуметтік осал топтар үшін коронавируспен күресу күнге қиындап барады

COVID-19 індеті АҚШ халқын әбден әбігерге түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, әлеуметтік осал топтар үшін вируспен күресу күннен күнге қиындап келеді. Америка құрлығының байырғы халқы – үндіс тайпаларында жағдай мүлдем ушығып кеткен. Аризона, Юта және Нью-Мексико штаттарындағы резервацияны мекендейтін навахо халқы вирусты жұқтыру мен өлім көрсеткіші бойынша көш басында. Ауырғандардың дені 18 бен 24 жас арасындағы жастар екен. АҚШ халқының бар-жоғы 2%-ін құрайтын үндіс тайпалары негізінен резервацияларды мекендейді. «Ал ондағы денсаулық сақтау жүйесі сын көтермейді», дейді адам құқықтарын қорғау жөніндегі маман Макэйла Спаркс.

Макэйла Спаркс, Адам құқықтарын қорғау бойынша белсенді:

- Мұндай резервацияларда ауруға шалдыққан адамдардың санын анықтау өте қиын. Себебі кейбір тайпаның адамдарында жеке тұлғасын растайтын штаттық құжаттары жоқ. Олар негізінен тайпалық құжаттарды қолданады. Ал ол арқылы орталықтандырылған жүйеге тіркеу мүмкін емес. Тағы бір мәселе, Сенатта үндіс тайпаларының өкілдері жоқ. Салдарынан олардың құқықтары тиісті дәрежеде корғалмайды.

Хабар 24 телеарнасы