426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple тұсаукесерде қандай өнімдерін таныстырды

  • 84
  • UPD: 11:04, 16.09.2020
Apple тұсаукесерде қандай өнімдерін таныстырды

Apple корпорациясы дәстүрлі күзгі шараны өткізіп, жаңа құрылғыларын таныстырды.

Онлайн-трансляция арқылы өткен тұсаукесерді көру барлығына қолжетімді болды. Аталған шарада Apple Watch, iPad және сервистерге баса назар аударылды, ал iPhone смартфондарының таныстырылымы қазан айына қалды.

Қандағы оттегі деңгейін өлшейтін Apple Watch

Apple презентациясы Apple Watch туралы үлкен блоктан басталды. Компания бірінші Series 6 флагмандық сағаттарының жаңа буынын таныстырды. Құрылғының негізгі жаңалығы қандағы оттегі деңгейін өлшейтін пульсоксиметр болды.

Apple сонымен қатар сағаттың Watch SE деп аталатын қолжетімді нұсқасын таныстырды.

Apple Watch SE және Series 6 АҚШ-та 18 қыркүйекте сатылымға шыға бастайды.

Жақтаусыз арзан iPad

Тұсаукесердің екінші жартысы iPad-тың жаңа нұсқаларына арналды.

Apple ең қолжетімді болып саналатын кәдімгі iPad-ты сәл жаңартты. Негізгі айырмашылығы – iPad Pro 2018-де бұрын орнатылған A12X чипі.

Айтарлықтай өзгерістер iPad Air құрылғысынан байқалды. Енді планшет iPad Pro-ға ұқсайды, периметрі бойынша кішкене ғана жақтау орнатылған 11 дюймдік дисплейі бар. Дисплейі бірдей және USB-C байланысы бар, бірақ Face ID сканері жоқ.

 

Жаңа iPad өнімдері 2020 жылдың қазан айында сатылымға шығады.

Жаңа сервистер

Тұсаукесер барысында Apple бірнеше жаңа сервисті таныстырды. Ең алдымен, компания Fitness+ қосымшасы туралы айтты. Сервис қолданушылардың физикалық мүмкіндіктеріне негізделген жаттығуларды таңдауына көмектеседі.

Сондай-ақ компания Apple Music, Apple TV, Apple Arcade және 50 гигабайттық iCloud-қа кіруге мүмкіндік беретін Apple One сервисін таныстырды.

Жаңа iPhone қандай болады

Apple өзінің презентациясында iPhone 12 смартфондары туралы тіс жармады. Бізге белгілісі, компания құрылғының бірден төрт моделін шығаруды жоспарлап отыр, оның екеуі бюджеттік, ал қалған екеуі премиум санатқа жатады. Жаңа смартфондардың дизайны iPhone 4 немесе 5-ке ұқсас болып шығады.

Хабар 24 телеарнасы