431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Чехияда антирекорд орнады

  • 121
  • UPD: 08:41, 17.09.2020
COVID-19: Чехияда антирекорд орнады

Чехияда коронавирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда бір күнде 1677 жаңа дерек расталған. Ең көп оқиға – ел астанасы Прагада тіркелген. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты мемлекетте 18 қыркүйектен бастап шектеу шаралары енгізіледі. Ал Еуропаның 10-нан аса елінде осы Чехиядан келген азаматтар коронавирусқа тест тапсыруға міндеттелетін болды. Жалпы соңғы дерек бойынша елде індетті жұқтырудың 39 мыңға жуық дерегі расталған. Бұл жүз мың тұрғынға шаққанда, Еуропа бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады.

Хабар 24 телеарнасы