424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Салли» дауылынан елді мекендерді су басып жатыр

  • 103
  • UPD: 15:30, 17.09.2020
АҚШ-та «Салли» дауылынан елді мекендерді су басып жатыр

АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауына соққан «Салли» дауылынан 500 мың тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апаты кезінде бір адам қаза тапты. Дауыл мол жаңбыр әкеліп, Флорида мен Алабамада жүздеген үйді су басқан. Мексика шығанағындағы бұрғылау ұңғымаларының үштен бірі жұмысын тоқтатты. Шелектеп құйған жаңбырдан елді мекендерде су деңгейі жарты метрге дейін жетеді. Кейбір қалаларда коменданттық сағат енгізілді. Қазір Флорида штатында соғып жатқан дауылдың екпіні азайып, сағатына 11 шақырымға дейін түскен.

Трент Эйрхарт, жергілікті тұрғын:

– Айналаның бәрі белуардан су. Әзер жүресің. Жел қатты соққан кезде су кешу мүмкін емес. Тіпті ағызып кететіндей.

Хабар 24 телеарнасы