427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда мигранттар өрттің кесірінен уақытша құрылған лагерьге көшіп жатыр

  • 109
  • UPD: 23:16, 18.09.2020
Грекияда мигранттар өрттің кесірінен уақытша құрылған лагерьге көшіп жатыр

Грекияда өрт кесірінен баспанасыз қалған мигранттар уақытша құрылған шатырлы лагерьге көше бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды полицейлер қадағалып отыр. Өткен аптада Грекияда ең үлкен мигранттар лагері өртеніп, 13 мыңға жуық адам далада түнеуге мәжбүр болды. Билік 400 баланы аралдан құрлыққа эвакуациялады. Лагерьге «қасақана от қойылды» деген күдік бар. Бірнеше ауғанстандық босқын қамауға алдынды. Өрт алдында мұнда коронавирус жұқтырудың 35 дерегі хабарланған еді. Көшіру кезінде тағы 56 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы