432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

  • 168
  • UPD: 11:43, 19.09.2020
АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

АҚШ-та президенттік сайлауға байланысты мерзімінен бұрын дауыс беру басталды, 

Коронавирусқа қарамастан, кей шататтарда сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Миннеаполис қаласында сайлау учаскесі ашылған соң жарты сағатта 50-ге жуық адам келіп, өзінің таңдауын білдірген. Індетке байланысты сақтық шаралары күшейтілген. Бірақ Миннесота штатының билігі: «Биыл сайлауда пошта арқылы дауыс беру рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін», – деп отыр. Қазірдің өзінде 900 мыңнан астам азамат өтініш білдірген. Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау қарашаның 3-іне белгіленген. Додаға республикалық партия атынан президент Дональд Трамп түссе, демократиялық партиядан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байдан сайысады.

Хабар 24 телеарнасы