427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook Instagram қолданушыларына тыңшылық жасады

  • 148
Facebook Instagram қолданушыларына тыңшылық жасады

Сан-Франциско федералды соты Facebook-тің Instagram қолданушыларына тыңшылық жасауы туралы ісін қарады, деп хабарлайды Bloomberg.

Агенттіктің хабарлауынша, иесі гаджетті пайдаланбаған кезде iPhone-ның алдыңғы камерасын ақпарат алу үшін қолданғаны анықталған. Сонымен бірге бұл қосымша нарықты зерттеу үшін пайдаланушылардың жеке деректерін мақсатты түрде жинайтын көрінеді.

Компания камералардың бұлай жұмыс істеуін қосымшаның жүйелік қателігімен байланыстырады. Алайда бұл қателік қазір жөнделіпті.

Хабар 24 телеарнасы