432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ-ы құрылғаннан кейін тарихта соғыс болған жоқ

  • 147
БҰҰ-ы құрылғаннан кейін тарихта соғыс болған жоқ

БҰҰ-ның арқасында үшінші Дүниежүзілік соғыс басталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйымның 75-жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн рәсімде жариялады. Оның айтуынша, БҰҰ-ы құрылғаннан кейін тарихта соғыс болған жоқ. Гутерриш әлемдік қауымдастық осымен мақтану керектігін алға тартты. Десе де, түйіні шешілмеген көптеген мәселе әлі де бар екенін тілге тиек етті. Атап айтсақ, гендерлік теңсіздік, климаттың өзгеруі, кедейліктің артуы, ядролық қару мен геосаяси түйткілдер қазіргі заманның басты проблемалары екенін ескертті.

Естеріңізге салайық, 1945 жылы 24 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне енді. Бүгінде ұйымға әлемнің 193 елі мүше.

Хабар 24 телеарнасы