428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда қойылым кезінде көрермендер наразылық танытты

  • 113
Испанияда қойылым кезінде көрермендер наразылық танытты

Испанияның Мадрид қаласындағы опера театрында басталған қойылым жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендер отырған орындардың бір-біріне тым жақын орналасқанына наразылық танытып, шу шығарған. Жиналғандар елде коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанда қоғамдық орындардағы әлеуметтік арақашықтықтың сақталмағанына ашулы. Мәдени іс-шара басталғанда көрермендер айғайлап, қол шапалақтай бастаған. Кейін келген қонақтар бір-бірімен келіспей, қақтығыс басталды. Салдарынан басталған қойылым жалғаспай кейінге қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы