432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IATA: Жолаушылар әуежайда ПТР-тест тапсырулары керек

  • 92
  • UPD: 11:24, 23.09.2020
IATA: Жолаушылар әуежайда ПТР-тест тапсырулары керек

Кез келген рейстің алдында жолаушылар әуежайда ПЦР-тест тапсыруы керек.

Бұл туралы Халықаралық әуе компаниялардың қауымдастығы (IATA) мәлімдеді.

Айуынша, бұл карантиннің алдын алу әрі туризм саласының тұралап қалмауына септігін тигізеді. Бастама жақын арада жүзеге асырылуы тиіс. Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталғалы халықаралық әуе қатынасы шектеліп, алпауыт әуе компаниялар орасан зор шығынға батты. Саяхатшылардың көбі сапардан кейін карантинде отырудан бас тартқандықтан, шекара аспай қойды. Ал, рейстер енді ғана жандана бастағанда Еуропада індеттің екінші толқыны қарқын алуда. Сәйкесінше, шектеу шаралары қайта күшейе бастады.

Александр де Жуниак, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының бас директоры:

- Карантиннің алдын алу үшін халықаралық рейстерге шығар алдында барлық жолаушылар әуежайда COVID-19-ды анықтайтын тест тапсыруы керек. Сонда халық еш қорықпай жолға шығатын болады. Бүгінде ПЦР тестінің дәлдігіне еш күмән жоқ. Осылайша, халықаралық рейстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Хабар 24 телеарнасы