432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда тұрғын үйдің құлауынан қаза тапқандар саны 39-ға жетті

  • 116
  • UPD: 13:01, 23.09.2020
Үндістанда тұрғын үйдің құлауынан қаза тапқандар саны 39-ға жетті

Мумбайға жақын орналасқан Бхиванди қаласындағы үш қабатты ғимараттың құлауынан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті, деп хабарлады Times of India.

Қаза болғандардың арасында екі жастан 15 жасқа дейінгі 15 бала бар.

Ғимарат дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-де құлаған еді. Алғашында сегіз адамның құрбан болғаны хабарланған.

Өткен тәулікте құтқарушылар апат құрбаны болған 13 адамның денесін үйінділер астынан шығарды.

Екі күн қатарынан өңірде қатты жауын жауып, құтқару жұмыстары күрделене түскен.

Белгілі болғандай, 1977 жылы салынған тұрғын үй көп жылдардан бері жөндеуден өтпеген.

Ел үкіметі құрбан болғандардың отбасыларына 500 000 рупий өтемақы төленетіні туралы жариялады.

Хабар 24 телеарнасы