428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барак Обама өзінің телефон нөмірін жариялады

  • 150
  • UPD: 10:25, 24.09.2020
Барак Обама өзінің телефон нөмірін жариялады RFI

АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама америкалықтарға өзінің Facebook-те жариялаған нөміріне хабарлама жіберу туралы ұсыныс білдірді.

«Жақсы, бастамам болсын. Егер сіз АҚШ аумағында болсаңыз, менің мына байланыс нөміріме хабарлама қалдырыңыз ­– 773-365-9687. Қалдарыңыздың қалай екенін, не жайлы ойлайтындарыңызды және биыл қалай дауыс беретіндеріңізді білгім келеді», – деп жазды ол.

«Ара-тұра өзім де байланысқа шығып, ойымды бөлісіп отырамын», – дегенді қосты Обама.

Алғашқы бес сағатта-ақ қалдырылған пікірлер саны 15 мыңнан асып кетті. Тағы 13 мың адам жазбамен бөліскен.

Бірнеше сағаттан соң-ақ кейбіреулер бұл нөмірдің смс қабылдамай жатқанын жазған. Шамасы оператор мұндай жүктемені көтере алмаса керек.

Хабар 24 телеарнасы