Француздық режиссер Эжен Грин Сан-Себастьян кинофестивалінде өз фильмінің тұсаукесерінен қуылды.
Оған режиссердің маска тағудан бас тартқаны себеп болған.
Іс-шара басталмас бұрын қатысушылар мен қонақтар қорғаныс маскаларын киюі туралы ереже қабылданған. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Гриннен маска тағуын бес рет өтінген көрінеді. Дегенмен режиссер үзілді-кесілді бас тартты. Содан кейін полиция шақырылып, атақты тұлға кинотеатрдан қуылды.
Сондай-ақ оған санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.