432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина Ан-26 әуе кемесінің ұшуына тыйым салды

  • 137
  • UPD: 16:51, 26.09.2020
Украина Ан-26 әуе кемесінің ұшуына тыйым салды

Өткен түнде Харьков облысында Украина қарулы күштеріне тиесілі Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Әуе көлігі Чугуев қаласының әуежайына қонар кезде құлаған. Ұшақ бортында Харьковтегі әскери университеттің 27 офицері мен курсанты болған. 25 адам апат орнында қаза тапты. Ауыр жарақат алған екі кісі ауруханаға жеткізілді. Бүгін олардың біреуі көз жұмғаны белгілі болды. Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Жерге құлар алдында ұшақ пилоты бір қозғалтқышы істен шыққанын хабарлапты. Жаттығу өткізген ұшақ 10 мәрте ұшып, жерге қонуы тиіс болатын. Қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Украина президенті Владимир Зеленский Харьков облысына келіп, төтенше мәжіліс өткізді. Ол бүгін ұлттық аза тұту күнін жариялады. АН-26 үлгісіндегі барлық ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салды.

Ярослав, куәгер:

- Чугуевке бара жаттық. Тура алдымызда ұшақ құлады. Өртке оранған адам жолға жүгіріп шықты. Тағы бір автокөлік келіп, артыма тоқтады. Өрт сөндіргішті алып сол көлік иесі екеуміз сөндірдік. Басы жарылған тағы бір адам жолға жүгіріп шықты.

Хабар 24 телеарнасы