Швейцарияда ЕО-мен емін-еркін қатынау тәртібі жөнінде референдум өтіп жатыр
- 222
- UPD: 22:55, 27.09.2020

Бүгін Швейцарияда референдум өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықтың қарауына ұсынылған басты сауал – Еуроодақпен емін-еркін қатынау тәртібі. Жалпыұлттық дауыс беруді ұлтшыл көзқарастағы Халық партиясы ұсынды. Олар 1999 жылы Еуроодақпен жасалған келісімнен шығуды көздеп отыр.
«Осылайша, Швейцарияның еңбек нарығы мен өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғап қаламыз», - дейді. Үкімет, парламент депутаттарының көбі және қалған партиялардың барлығы бұл бастамаға қарсы. «Себебі келісімнен бас тарту өзге де құжаттардың бұзылуына әкеледі», - дейді. Еуроодақ швейцариялық тауарларға бөгет салып, бұл ел экономикасына зор нұқсан келтіруі мүмкін.