427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Портленд қаласында шерушілер полициямен қақтығысты

  • 208
  • UPD: 15:49, 28.09.2020
АҚШ-тың Портленд қаласында шерушілер полициямен қақтығысты

АҚШ-тағы тәртіпсіздіктер тоқталар емес. Бүгін елдің солтүстік-батысындағы Портленд қаласында Black Lives Matter белсенділері мен жергілікті полицияның арасында  қақтығыс болды.

Салдарынан жиырмаға жуық адам қамауға алынып, жарақат алғандар да тіркелді. Портленд қаласында полицияның қатыгездігі мен нәсілшілдікке қарсы наразылық шараларының өтіп жатқанына төрт айдың жүзі болды. Сондай ақ, мұндай наразылық шараларының өтуіне қарсылық білдіріп, күш көрсетіп жатқан топтар белсенділік танытуда.

Аталмыш топтардың айтуынша, протесттер қаланың тыныштығын бұзып, бүлік шығарудан басқа ешқандай нәтиже бермейді. Бұл тек сайлау алдындағы саяси топтардың қақтығыстарына әкеліп соғады. 

БЛИЦ:

- Біз Портленд қаласының өзгергенін қалаймыз. Және біз сияқты азаматтардың көшеге шығып тәртіпті қадағалауы маңызды деп ойлаймын. Тәртіпсіздіктердің болып жатқанына 120 күн өтті. Осы уақыт аралығында ештеңе өзгермеді. Баяғы жартас, сол жартас.

Естеріңізге сала кетейік, Портландтегі жаппай тәртіпсіздіктер мамырдың соңында Миннеаполис қаласындағы 47 жастағы афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы