428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атлантада атыс болып, бір адам қаза тапты

  • 91
  • UPD: 10:06, 05.10.2020
Атлантада атыс болып, бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Атланта қаласында атыс болып, 1 адам қаза тапты.

Тағы төрт ересек адам және екі бала жарақат алды, деп хабарлады Fox-5.

Мәліметтер бойынша белгісіз біреу супермаркетте бір топ адамға оқ атқан. Атыстың алдында екі әйел арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта олардың бірі ұсталды.

Атысты шығарған адамның ұсталған-ұсталмағандығы туралы ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы