427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда ереуілшілер Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алды

  • 153
  • UPD: 10:03, 06.10.2020

Бішкекте ереуілшілер Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал осыған дейін наразы халық парламент ғимараты орналасқан Ақ үйді басып алды.

Наразылық шерулері кеше парламенттік сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін басталған еді. Бейбіт басталған шеру кешке қарай қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер парламент ғимараты алдындағы қоршауды бұзып өтпек болып, күзетшілерге тас лақтырды. Ал тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, резеңке оқ атып, шерушілерді күшпен таратып жіберді. Алайда бірнеше сағат өткеннен кейін ереуілшілер алаңға қайта оралды. Бұл жолы полиция айтарлықтай қарсылық көрсетпей, шерушілер Ақ үйді басып алды. Желіде Президент Сооронбай Жээнбеков елдің оңтүстігіне ұшып кетті деген мәлімет тарады. Алайда оның баспасөз хатшысы президент Бішкектен кетпегенін мәлімдеді. Айта кетейік, Сооронбай Жээнбеков бүгін саяси партия жетекшілерімен кездесуге уәде берген еді.

Хабар 24 телеарнасы