427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп сырқаттанған сәтінен бері алғаш рет жұрт алдында сөз сөйледі

  • 80
  • UPD: 18:35, 11.10.2020
Трамп сырқаттанған сәтінен бері алғаш рет жұрт алдында сөз сөйледі

Бүгін Дональд Трамп COVID-19 вирусын жұқтырғалы бері алғаш рет көпшілік алдына шығып сөз сөйледі. АҚШ Президенті Ақ Үйдің алдына жиналған қолдаушыларына алғысын білдіріп, сайлау кампаниясының жалғасатынын мәлімдеді. Трамп демократ Джо Байден мен Камала Харристы сынға алып, өзінің президенттік сайлауда жеңіске жететінін айтты. Ақ үй басшысы қара нәсілді американдықтардың өмірін қорғау үшін елдегі құқық қорғау саласының қызметкерлерін қолдау керектігін де атап өтті.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді. Біз латынамерикалық және қара нәсілді американдық азаматтарымызға алғыс білдіргіміз келеді. Менің ойымша, бұл отандастарымызға жағдай жасау үшін құқық қорғау органдарының жұмысын реттеуіміз қажет. Ал демократтар оны қаламайды. Естеріңізде ме, өткендегі президенттік пікірсайыста Байден бұл сұраққа жауап бере алмады. Біз бұл сайлауды жеңеміз. Ал сіздер қарашада өтетін сайлауға барып дауыс беріңіздер. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен апта соңында Дональд Трамп COVID-19 індетін жұқтырып ауруханаға жатқызылған еді. Кейін көп ұзамай ол Ақ үйге қайта оралды. Президенттің вирустан толықтай сауығып шыққаны жайлы ресми ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы