432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба жарылды

  • 121
  • UPD: 12:21, 14.10.2020
Польшада Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба жарылды

Ол залалсыздандыру жұмыстары кезінде жарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өйткені Балтық жағалауындағы кеме жүзетін каналдан табылған бомбаны залалсыздандыру үшін мамандар осы аймақтағы 750 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Порт жұмысы да уақытша тоқтаған. Айта кетейік, салмағы 5 тонна болатын жарылғыш затты 1945 жылы фашист кемесін шабуылдау кезінде Ұлыбританияның әскери әуе күштері тастапты.

Хабар 24 телеарнасы