430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Килиманджаро бөктеріндегі алапат өрт бірнеше күн бойы дес бермей тұр

  • 73
  • UPD: 14:22, 14.10.2020
Килиманджаро бөктеріндегі алапат өрт бірнеше күн бойы дес бермей тұр

Танзаниядағы Килиманджаро тауының бөктерінде бірнеше күннен бері құрғақ шөп пен ағаш бұталары өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалынның күшіне мінгені соншалық, ол ұлттық паркке дейін жетіп, бұл аймақ та отқа оранды. Будақтап шыққан көк түтін ондаған шақырым жерден көрінеді. Мамандар тілсіз жауды ауыздықтау үшін күні-түні күресіп жатыр. Бұл іске тағы 500 ерікті тартылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт ошағы альпинистерге арналған демалыс орны болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы