427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика халқының 90%-іне коронавирусқа қарсы вакцина салынады

  • 74
  • UPD: 15:15, 14.10.2020
Мексика халқының 90%-іне коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Мексика билігі халықтың 90%-іне коронавирусқа қарсы вакцина салмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 100 миллионнан астам адам. Елге екпе салу келесі жылдың соңына жоспарланып отыр. Ал қазір үкімет халықаралық Ковакс механизмі аясында COVID-19-ға қарсы препараттарға алғытөлем жасап жатыр. Осылайша, Мексика америкалық Moderna, немістің CureVac және Британия мен Швейцария ғалымдары әзірлеп жатқан AstraZeneca вакциналарына қол жеткізеді. Жалпы Мексика елі коронавирусқа қарсы вакцинаға 1,5 миллиард доллар бөліп отыр. Осы қаржыға ел тұрғындары тегін препаратпен қамтылмақ. 

Хабар 24 телеарнасы