432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уильям Шекспирдің кітабы бәссаудада 10 млн долларға сатылды

  • 74
Уильям Шекспирдің кітабы бәссаудада 10 млн долларға сатылды

Уильям Шекспирдің шығармалар жинағы бәссаудаға қойылып, 10 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 36 пьесадан тұрады. Белгілі болғандай, аталған жинақты америкалық коллекционер әрі сирек кездесетін кітап пен фотолар дүкенінің иесі сатып алған.

Айта кетейік, бұл аукционда сатылған әдеби шығармалардың ең қымбаты болып отыр. Бұған дейінгі рекорд 6 миллион долларды құрайтын. Сол кезде де аталған ағылшын драматургінің жинағы сатылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы