428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан мен Армения бір-бірін гуманитарлық бітімді бұзды деп айыптады

  • 124
  • UPD: 15:17, 18.10.2020
Әзербайжан мен Армения бір-бірін гуманитарлық бітімді бұзды деп айыптады

Әзербайжан мен Армения бір-бірін бүгін Таулы Карабахта орнаған гуманитарлық бітімді бұзды деп айыптай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар бір-бірін зеңбіректермен атқылағанын хабарлады. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзербайжан және армениялық әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен. Оның барысында қос тарап та қазанның 10-ы күні Мәскеуде қол жеткізілген Карабахтағы атысты тоқтату туралы келісімнің маңыздылығын атап өткен.

Еске сала кетейік, қырқүйектің 27-сі күні Таулы Карабахта әскери қимылдар басталып, аймақтағы жағдай шиеленіс кеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы