422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Словенияда бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді

  • 152
  • UPD: 10:13, 20.10.2020
Словенияда бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді

Коронавирус Еуропаны қыспаққа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте Кәрі құрлықтың біраз елінде шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Мәселен, Балқан түбегіндегі Словенияда бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізіледі. Яғни түнгі 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғындардың тыста жүріп-тұруы шектеледі. Биліктің хабарлауынша, соңғы уақытта түнгі сауық кештері кесірінен індетті жұқтыру деректері көбейіп кеткен екен. Сондай-ақ бүгіннен бастап мұнда өңірлер арасында қатынау да шектеледі. Бұған дейін көшеде 10 адамға дейін жиналуға рұқсат берілсе, енді бұл сан 6-дан аспауы тиіс.

Янез Янша, Словения премьер-министрі:

- Словения Еуроодақ ішінде коронавирустың екінші толқынында ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Жағдай күн санап нашарлап барады. Сондықтан індеттің тарауын тежеу үшін тиісті шаралар қабылдау керек болды. Біз үшін қазір ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтап қалу маңызды болып отыр. Содан кейін экономиканы құтқаруды ойлаймыз.

Балқан түбегіндегі тағы бір ел – Черногорияның кейбір өңірінде де коменданттық сағат жарияланды. Індет Будва қаласында өршіп тұр. Сол себепті жергілікті билік барлық дәмхана мен мейрамханаларды жауып тастады. Алайда, бұл шаһардағы кәсіпкерлердің көңілінен шықпады. Олар биліктен шешімін қайта қарауын талап етіп отыр. Әйтпесе ереуіл ұйымдастырып, жолдарды жауып тастайтынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы