423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилия ғалымдары қытайлық «Синовак» вакцинасының қауіпсіз екенін айтады

  • 128
  • UPD: 12:07, 20.10.2020
Бразилия ғалымдары қытайлық «Синовак» вакцинасының қауіпсіз екенін айтады фото: elorda.info

Қазір Латын Америкасының бұл елінде екпені клиникалық сынақтан өткізудің үшінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бас-аяғы 13 мың ерікті қатысуы тиіс. Әзірге препарат 9 мың адамға салынған. Бразилиялық ғалымдар олардың ешбірінде жағымсыз әсері байқалмағанын айтып, аралық нәтижелермен бөлісті. Қазір қытайлық «Синовакты» Латын Америкасынан бөлек, Индонезия мен Түркияда да клиникалық сынақтан өткізудің үшінші кезеңі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы