425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парагвайда екі тонна есірткі тәркіленді

  • 134
Парагвайда екі тонна есірткі тәркіленді

Бұл ел тарихында болмаған жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, есірткінің құны шамамен 500 миллион долларды құрайды. Полиция қызметкерлері кокаинді Израильге жол тартқан 6 жүк контейнерінен тапқан. Анықталғандай, контейнерлердің бәрі Кристиан Турринидің атына рәсімделіпті. Айта кетейік, бұл азамат бұрын Парагвай телеарналарының бірінде басшылық қызметін атқарған. Енді ол осы іске қатысты түсініктеме беруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы