422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Президенттік пікірсайыстың соңғы кезеңі аяқталды

  • 132
  • UPD: 13:32, 23.10.2020

Жаңа ғана АҚШ-тың Нашвилл қаласында президенттік пікірсайыстың соңғы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесудің қалай өткенін, жалпы АҚШ-тағы сайлауалды науқан туралы білу үшін Нью-Йорктегі студиямыздан тікелей эфирге Тілшіміз Талғат Алманов байланысқа қосылды.

Диктор:

- Талғат, мұхиттың ар жағындағы саяси жағдай қандай және бүгінгі пікір айысқа тоқталсаңыз?

- 3-сұрақ:  Пікірсайыстан бөлек, елдегі сайлауалды науқан қалай жүріп жатыр? Дауыс берушілердің белсенділігі қандай?

Талғат Алман, тілші:

- Биылғы сайлауалды науқан жаңалықтарға толы болды. Себебі COVID-19 пандемиясы елдің саяси жағдайына айтарлықтай әсер етіп отыр. Сіз айтқан президенттік пікірсайыстың өзі жоспарланған үш кезеңнің орнына биыл екі-ақ раундтан тұрды. Бүгінгі кездесуге келер болсақ, бастысы, регламент сақталды, екі кандидат бөлінген уақытқа сай барынша аргументтерін айтуға тырысты. Қыркүйектің 29-ы болған алғашқы кездесу естеріңізде болар, ол кеш кандидаттардың пікір алмасуынан гөрі Трамп пен Байденнің ұрсысуымен есте қалды. Осындай мәселелерді ескерген Президенттік пікірсайыс комиссиясы бүгін спикерлердің микрофондарын өшіріп-қосып тұруды ұйғарды, яғни бір кандидатқа берілген екі минут аяқталғаннан кейін екіншісінің сөзін бөлмеуді қадағаланып отырды. Осыдан бірнеше минут бұрын мен бүгінгі кештің және жалпы биылғы президенттік пікір сайыстың қорытындысы жайлы америкалық саясаттанушының пікірін білген едім, дәл қазір соны тыңдап көрейк.

Эйб Нелсон, саясаттанушы:

- Екінші дебат алдыңғысымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы өтті. Көп нәрсе айтылды. Және ең бастысы, Байден пікірсайыс барысында өзін сенімді ұстады. Меніңше, Байден ұпай саны жағынан алда секілді. Қайткенде де боларын алдағы уақытта көреміз.

Диктор:

- Бүгінгі кездесудің тақырыптарына тоқталсақ. Қанша тақырып болды, қандай мәселелер көтерілді?

Талғат Алман, тілші:

- Регламент бойынша 90 минутқа созылған пікірсайыста бас-аяғы алты тақырып талқыланды. Оның алғашқысы пандемиямен күрес және вакцинаның айналасында болды. Бұл тақырып маңыздылығы бойынша америкалық сайлаушыларды мазалайтын ең өзекті тақырыптардың бірі. Қазірдің өзінде 8,6 миллион америкалық вирусты жұқтырып, 230 мыңға жуығы қайтыс болды. 12 миллион адам жұмыссыз отыр. Жағдай күннен күнге ушығып келеді. Пандемия тақырыбының маңыздылығын кандидаттар да толықтай біліп отыр. Пікірсайыстың модераторы Кристен Уэлкер COVID індетімен нақты күресу жолдарыңыз қандай болмақ деген сұраққа кандидаттар была жауап берді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бұл біздің елде ғана емес, әлемде болып жатқан пандемия. Егер менің шешімім болмағанда қайтыс болғандардың саны 700 000-ға дейін жетер еді. Бұл вирус біздің елде жойылып келе жатыр. Біз вентиляторлық құрылғыларды өзіміздің елге ғана емес, әлем елдеріне де таратып жатырмыз. Байден 47 жылдың ішінде ештеңе бітірген жоқ.

Джо Байден, АҚШ президенттігіне үміткер:

- Трамп шекараны бірінші болып жапқан жоқ. Оған дейін 40 мемлекет шекараларын жауып үлгерген еді. Түсініңіздерші, күніне мыңдаған адам өлім жатыр. Мен президент болсам, жаппай тестілеуді қолжетімді етемін. Мектептердегі жағдайды жөндеймін. Трампқа қарағанда менің жоспарым бар.

Диктор:

- Пікірсайыстан бөлек, елдегі сайлауалды науқан қалай? Дауыс берушілердің белсенділігі қандай?

Талғат Алман, тілші:

- Дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары. Бүгінге дейін 47 миллионнан астам америкалық дауыс беріп үлгеріпті. 2016 жылы өткен сайлаумен салыстырсаңыз, бұл көреткіш бірнеше есе өсіп отыр. Айтып кететін дүние, осы уақытқа дейін дауыс бергендердің 21 милоннан астамы Флорида, Айова, Миннесота, Невада сияқты Battle Ground немесе Swing State деп аталатын штаттардың дауыс берушілері екен. Бұл Демократтар мен Республикашылар үшін өте маңызды, тіпті шешуші штаттар. Себбебі Swing Statter-тің маңыздылығы сол бұл шттаттардың дауыс берушілері әр төрт жыл сайын таңдауларын айтарлықтай өзгертіп тұратын көрінеді. Ондай штаттардың саны 8. Сайлауалды сауалнамаларға келер болса, Байден сөзсіз алда келе жатыр, тіпті 2016 жылы Трампқа дауыс берген Пенсильвания, Мичиган, Аризона сияқты штаттардың өзі Байденді қолдап отыр. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, қандай да бір қорытынды шығару немесе кімнің келесі президент боларын айту әлі де ерте. Сайлауға дейін алда әлі 12 күн бар.

Хабар 24 телеарнасы