420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шри-Ланка билігі ел астанасында локдаун тәртібін енгізді

  • 147
  • UPD: 08:26, 26.10.2020
Шри-Ланка билігі ел астанасында локдаун тәртібін енгізді

Шри-Ланканың Денсаулық министрлігі ел астанасы Коломбо қаласының бірнеше ауданында локдаун жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған балық сататын базар мен тігін фабрикасында індет ошақтарының анықталуы түрткі болды. Коронавирустың жайылуына жол бермеу үшін дүкендер, кәсіпорындар мен мектептер жабылды. Жалпы аралда орналасқан Шри-Ланка елінде індет басталғалы 7 мыңнан аса адам COVID-19 дертін жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы