423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда жарылыстан 7 адам қаза тапты

  • 121
Пәкістанда жарылыстан 7 адам қаза тапты

Пәкістанның діни мектебінде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерт болғандардың арасында балалар да бар. Тағы ондаған адам түрлі жарақат алған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша жарылыс Пешавар қаласында болды. Бәзбіреулер ішінде жарылғыш заты бар сөмкені ғимарат ішіне тастап кеткен. Қазір болған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы