424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин және туризм. Перудегі Мачу-Пикчу ашылды

  • 112
  • UPD: 15:26, 28.10.2020
Карантин және туризм. Перудегі Мачу-Пикчу ашылды

Жеті ай жабық болған Перу аймағындағы Мачу-Пикчу туристік қаласы қайта ашылды. Көне Инк империясының қонысы 1948 жылы ашылғаннан бері екінші рет жабылған еді.

Бірінші рет 2010 жылы су тасқынынан жабылса, екіншісіне коронавирус пандемиясы себеп болды. Енді БҰҰ-ның ЮНЕСКО Әлем мәдени мұралары тізіміне енген Мачу-Пикчу шаһары туристерді қайта қабылдауға әзір.

Аймақтағы саябақ басшысының айтуынша, егер бұған дейін күніне 2000-ға жуық  адам келсе, енді карантиннің салдарынан әзірге 675 адамды ғана қабылдауға мүмкіндік бар. Демалыс орындарына кіреберісте мамандар саяхатшылардың денсаулығын жіті тексеріп отырмақ. Сонымен қатар әлеуметтік ара-қашықтыққа да аса мән беріледі. Тек 12 жасқа толмаған балалар үшін аймаққа кіруге рұқсат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы