423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тайваньда соңғы 200 күнде COVID-19 дерегі тіркелмеген

  • 123
  • UPD: 15:45, 29.10.2020

Жаһанның көптеген елі коронавирус індетінің екінші толқынымен күресіп жатқанда Тайваньда керісінше, соңғы 200 күнде ел ішінде бірде-бір вирустың таралу дерегі тіркелген емес.

Бұл туралы Bloomberg ақпарат агенттігі хабарлайды. Соңғы рет аймақта COVID жұқтырған науқас сәуір айының 12-cі анықталған екен. Көрсетілген мәліметке сәйкес 23 млн халқы бар Тайваньда 550 адам ғана індеттің ілмегіне іліккен. Ал, 7 адам ғана осы кеселден көз жұмды. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі аурудан құлан таза айығып шықты. Сарапшылар бұндай көрсеткіш жергілікті биліктің дер кешінде барлық сақтық шараларды қолға алуы мен халықтың қозғалысын қатаң бақылауда ұстауының нәтижесі деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы