423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде коронавирусты жұқтырғандар саны 900 мыңнан асты

  • 132
  • UPD: 15:24, 31.10.2020
Перуде коронавирусты жұқтырғандар саны 900 мыңнан асты

Перуде коронавирусты жұқтырғандар саны 900 мыңнан асып кетті. Ал індет басталғалы елде 34400 адам қайтыс болды.

Жалпы халық санына шаққанда бұл әлемдегі жоғары көрсеткіштің бірі. Перу үкіметі наурыз айында қатаң карантин тәртібін енгізген болатын. Алайда бұл ел экономикасына орасан нұқсан келтірді. Сарапшылардың болжауынша, биыл Перудің жалпы ішкі өнімі 12,7 процентке кемиді. Мамыр айынан бастап елде біртіндеп шектеулер алына бастады. Алайда осы демалыс күндері Перуде «Әулиелер күні» атап өтіледі. Бұл вирустың таралуын үдете түсуі мүмкін дейді мамандар. Осы ретте билік тұрғындарды әлеуметтік арақашықтық сақтауға шақыруда.

Хабар 24 телеарнасы