Молдовадағы президенттік сайлауда елдің бұрынғы премьер-министрі Майя Санду алда келеді.
Оған сайлаушылардың 35%-ке жуығы дауыс берген. Ал қазіргі президент Игорь Додон 34% дауыс жинапты. Бұл туралы жергілікті Орталық сайлау комитеті жасаған алдын ала қорытындыдан белгілі болды. Енді дауыс жинауда басқалардан басым түскен үміткерлер президенттік сайлаудың 15 қарашаға белгіленген екінші кезеңінде бақ сынайды.