420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде ковидтен көз жұмғандар саны жеті мыңнан асты

  • 97
  • UPD: 15:39, 04.11.2020
Мәскеуде ковидтен көз жұмғандар саны жеті мыңнан асты

Ресей астанасында коронавирус құрбандарының саны 7 мыңнан асты. Бұл туралы Мәскеу қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Дерекке сәйкес, бір тәулікте шаһарда 68 науқас көз жұмған. Ал оның алдын бұл көрсеткіш 63 адамнан тұрған.

Айта кетейік, бүгінде Ресейде вирус жұқтырғандардың саны бір миллион 673 мыңнан асады. Олардың 440 мыңға жуығы Мәскеуде анықталған. 28 мың кісі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы