425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эммануэль Макрон: Шенген келісімін қайта қарастыруды ұсынамын

  • 106
  • UPD: 12:13, 06.11.2020
Эммануэль Макрон: Шенген келісімін қайта қарастыруды ұсынамын ИноСМИ

Франция шекараны бақылауды күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Террорлық қауіп деңгейі жоғарылағанына байланысты шекаралық бекеттердегі полицейлер саны екі есе артады. Сонымен қатар кеден қызметтерінің жұмысын да күшейту жоспарланып отыр. Әсіресе, Италия және Испания шекараларына ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені Францияға заңсыз мигранттар негізінен осы елдерден келіп жүр. Сондай-ақ ел президенті Эммануэль Макрон Шенген келісімінің ережелерін қайта қарастыруды ұсынатынын жариялады.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Еуропа Кеңесінің алдағы мәжілісінде Шенген келісімін қайта қарастыруды ұсынғым келеді. Ол құжат Шенгеннің сыртқы шекараларын қорғайтын полиция құрып, ортақ қауіпсіздігімізді күшейтуге бағытталады.

Хабар 24 телеарнасы