423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппин астанасында «Вамко» тайфуны соқты

  • 83
  • UPD: 14:12, 12.11.2020
Филиппин астанасында «Вамко» тайфуны соқты

«Вамко» тайфунының кесірінен Лусон аралы мен Филиппин астанасы Маниладағы қоғамдық көліктер тоқтады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, тайфун салдарынан болған нөсерлі жаңбыр мен су тасқынынан Манилада әуежайлар мен теңіз порттары да жабылып, мемлекеттік органдардың қызметі тоқтатылды.

Филиппин астанасының бірнеше ауданын су басты. Алдын ала мәліметтер бойынша Манилада бір адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы