422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде наразылық акциясы өтті

  • 72
Перуде наразылық акциясы өтті

Перу астанасы Лимада жаппай наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар ел президенті Мартин Вискарраның қызметінен кетуіне қарсылық білдірді. Кейін оның соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Анықталғандай жұрт үкімет ғимаратына басып кірмек болған. Шерушілерді полицейлер шоқпармен ұрып, тәртіпке салмақ болған. Еске сала кетейік, бұған дейін Перу парламенті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған Мартин Вискарраны отставкаға жіберу туралы шешім қабылдаған еді. Қазір оның міндетін конгресс спикері Мануэль Марино атқарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы