422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүз мың долларлық сақтандыру: Таиланд туристерге қойылатын талаптарды күшейтті

  • 62
  • UPD: 10:37, 16.11.2020
Жүз мың долларлық сақтандыру: Таиланд туристерге қойылатын талаптарды күшейтті

Таиланд туристер үшін өз шекараларын ашты, бірақ демалушыларға қойылған талаптар көпшілік үшін елге баруға мүмкіндік бермейді.

Қандай талаптар қойылғаны туралы Travel off Path порталы жазды.

Біріншіден, шетелден Таиландқа келгендердің барлығы әуежайдан дереу екі апталық карантинге жіберіледі. Виза кем дегенде 30 күнге беріледі.

Сондай-ақ туристер елге кірген бойда коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді, ал ПТР сынағы өзін-өзі оқшаулау режимі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Таиландқа барған демалушыларда кем дегенде жүз мың долларды құрайтын сақтандыру болуы шарт. Сонымен бірге туристер банк шотының көшірмесін елшілікке  көрсетеді, соңғы алты айдағы табыс 16 336 доллардан артық болуы керек.

Сондай-ақ туристер маска тағып, санитарлық арақашықтықты да сақтап жүруі қажет.

Хабар 24 телеарнасы