422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египетте жүзден астам саркофаг пен ондаған алтын мүсінше табылды

  • 76
  • UPD: 15:18, 16.11.2020
Египетте жүзден астам саркофаг пен ондаған алтын мүсінше табылды

Археологтар Египетте жүзден астам саркофаг пен ондаған алтын мүсінше тапты.

Олардың тарихы шамамен 2 мың 500 жылға жуықтайды.

Ғалымдар жерленген саркофагтардың аса зақымдалмай, жақсы сақталғанын айтады. Олардың ішінде мумиялар жерленген. Мамандар жақын маңда саркофаг жасайтын шеберхана болуы мүмкін деп топшылайды. Табылған ірі тарихи олжа Египеттегі жергілікті үлкен мұражайға жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы