423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШЫҰ елдері арасындағы интернет-сауда қолға алынады

  • 50
  • UPD: 16:04, 17.11.2020
ШЫҰ елдері арасындағы интернет-сауда қолға алынады

Келер жылы Қытайдың Чунцин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының цифрлық экономикасының форумы өтеді

Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Владимир Норов мәлімдеді. Ұйымға мүше елдердің саммитінде Қытай басшысы Си Цзиньпин осы іс-шараны өткізуді ұсынған болатын. Владимир Норовтың айтуынша, пандемия цифрлық технологиялар мен интернет-сауданың дамуын үдете түсті. Сондықтан осындай форумды өткізу әр ел үшін өзекті болып тұр. Іс-шара барысында инновациялардың көмегімен шалғай ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі талқыланбақ.

Владимир Норов, ШЫҰ бас хатшысы:

– Ұйымға мүше елдердің әрқайсысы цифрлық экономиканы дамыту бағдарламаларын әзірледі. Бұл бағдарламаларды ұштастырып және осы бағытта ынтымақтастығымызды нығайтып, сауда-экономикалық серіктестігімізді күшейтеміз. Осылайша елдеріміз алдында тұрған басты мақсаттардың біріне жете аламыз. Мемлекеттеріміздің зор әлеуетін толығымен пайдаланып отырған жоқпыз. Сондықтан заманауи технологияларды, электронды сауданы және жасанды интеллектті қолдану бұл мақсатқа жетуге өз септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы