420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Twitter-дің қауіпсіздік қызметін танымал хакер басқаратын болды

  • 62
  • UPD: 15:31, 17.11.2020
Twitter-дің қауіпсіздік қызметін танымал хакер басқаратын болды 1news

Мадж лақапатымен танылған хакер Пейтер Затко Twitter-дің қауіпсіздік қызметін басқаратын болды.

Ол Twitter-дегі микроблогтар сервисінің қауіпсіздік қызметіне жауапты. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Затко өзінің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты мәлімдеме жасап та үлгерді. Ол ақпараттық қауіпсіздікке баса назар аударатынын айтты.

Бұған дейін ол Stripe төлем сервисінде жұмыс істеген.

ХХ ғасырдың 80-90-жылдары Затко АҚШ-тағы ең танымал хакерлердің бірі болды. Ол Cult of the Dead Cow тобының мүшесі еді. 90-жылдардың басында ол алғашқылардың қатарында америкалық үкіметпен және жеке компаниялармен байланыс орнатты.

Хабар 24 телеарнасы