422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус әсері: Италия экономикасы, АҚШ-тағы жұмыссыздық

  • 73
  • UPD: 09:16, 19.11.2020
Коронавирус әсері: Италия экономикасы, АҚШ-тағы жұмыссыздық Известия

Коронавирус кесірінен шатқаяқтап қалған экономиканы тік тұрғызу үшін Италия үкіметі келер жылдың бюджетін бекітті.

Ол 38 млрд еуроны құрады. 15 млрд-ын Еуроодақ береді екен. Белгілі болғандай қыруар қаржы бірінші кезекте денсаулық сақтау саласы мен бизнесті жандандыруға жұмсалмақ. Атап айтқанда, басты қаржылық құжатта вакцина сатып алу, мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалу мен наурызға дейін қызметкерлерді жұмыстан шығармауға бағытталған шаралар қарастырылған. Бірақ оқушылар мен студенттер де білім ошақтарына да қаржы бөлуді сұрап отыр. Олар эпидемияға байланысты жабылған мектептер мен университеттерді қайта ашуды талап етіп жатыр.

Лука Янниелло, студент:

– Бүгін біз Парламент ғимаратының алдына жиналып отырмыз. Саясаткерлердің беті бейнеленген маскаларды киіп, дәл осы жерде импровизацияланған сабақ өткіздік. Біреуді ренжітіп, мазақ еткіміз келмейді. Дегенмен мемлекеттік мектептерге инвестиция тартудың жаңа тәсілдерін табуды талап етеміз. Парламент мүшелері мемлекеттік мектептерге не қажет екенін айтып жатқан оқушылардың сөзіне құлақ асуы тиіс.

 

Джо Байден АҚШ-та жұмыссыздықпен күресу жоспарын әзірледі

Эпидемияның салдары АҚШ экономикасына да өз әсерін тигізіп жатыр. Әсіресе еңбек нарығына. Биліктің есебінше ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Америкадағы жұмыссыздық деңгейі 7%-ке жеткен. Осыған байланысты жаңа сайланған президент Джо Байден арнайы жоспар әзірлеп қойған. Ол жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны көтеру мен экономиканы қалпына келтіру мәселелерін қамтиды екен.

Джо Байден, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті:

– Ең төменгі жалақы сағатына 15 доллар көлемінде болады. Бұған қоса отбасын асырауға мүмкіндік беретін жақсы жеңілдіктер мен ұжымдық шарттар да болады.

Өз кезегінде БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш үлкен жиырмалық елдеріне коронавирусқа қарсы халықаралық бастамаға 28 млрд доллар бөлуді ұсынды. Айтуынша, бұл қаражат медициналық тауарлар өндірісін ұлғайту мен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жұмсалады. Бұл ұсыныс енді 21 қарашада өтетін онлайн-форум кезінде талқыға түспек.

Авторы: Ғани Мұқашұлы

Хабар 24 телеарнасы