422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Минскіде қазақ сыныбы ашылды

  • 83
  • UPD: 08:16, 22.11.2020
Минскіде қазақ сыныбы ашылды

Беларусь жасөспірімдері енді Қазақстан тарихымен жақынырақ таныса алады.

Ел астанасы Минскіде Мұхтар Әуезов атындағы 143-мектепте Әл-Фараби есімімен қазақ тілі, әдебиеті мен тарихын зерделеу кабинеті ашылды. Оған еліміздің Беларусьтегі Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаев пен «Отандастар» қорының өкілдері себепші болды. Жаңа кабинет күрделі жөндеуден өткен. Қазақ тілін, тарихы мен әдебиетін оқып-үйрену үшін елшілік өкілдері оқушыларға танымдық әдебиеттер сыйлады. Кейін қонақтар оқушылар ұсынған «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» атты көркемөнер көрмесіне қатысты.

Асқар Бейсенбаев, Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және өкілетті елшісі:

– Мұхтар Әуезов атындағы мектепте біз Қазақстан тарихын, мәдениетін, әдебиетін оқып-үйренуге арналған сынып аштық. Бірінші сабақ онлайн форматта өтті. Әл-Фараби – ұлы ғалымдардың бірі. Оның кітаптары мен еңбектері әлемнің 140 тіліне аударылған. Ол математика, философия, геометрия, биология, химияға баға жетпес үлес қосты. Жалпы мұндай іс-шаралар Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Беларусь басшысы белгілеген Қазақстан мен Беларусь Республикасының өзара достық қарым-қатынасын әр кез нығайтады.

Сергей Масляк, Завод ауданы әкімшілігінің басшысы:

– Осы мектеп пен Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінің достығы 12 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының тарихын ілгерілету үшін көп жұмыс атқарылғаны сөзсіз. Соның бәрі тарихқа тәнті азаматтардың арқасында жүзеге асты.

Хабар 24 телеарнасы