430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияда Рождество алдында қатаң шектеу шаралары қабылданды

  • 126
  • UPD: 09:26, 23.11.2020
Португалияда Рождество алдында қатаң шектеу шаралары қабылданды

Португалияда желтоқсанның 1-і мен 8-і аралығында өтетін мерекеде мектептер жабылып, тұрғындардың ел ішінде қатынауына тыйым салынбақ.

Бұл туралы ел премьер-министрі Антонио Коста хабарлады. Айтуынша, мұндай шешім Рождество алдында коронавирустың өршіп кетпеуі үшін қабылданған. Айта кетейік, жаңадан енгізілген шектеу шараларынан бөлек, Португалияның 174 ауданында демалыс күндері коменданттық сағат пен локдаун сақталады.

Антонио Коста, Португалия премьер-министрі:

- 27 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін және желтоқсанның 4-і мен 9-ы аралығы тұрғындардың муниципалитет арасында қатынауына тыйым салынады. Инфекция жұқтыру қаупін азайту үшін мекемелерді уақытша іс-шара өткізуден бас тартуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы