420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияда лай көшкінінен 7 адам қаза тапты

  • 85
Колумбияда лай көшкінінен 7 адам қаза тапты

Колумбияның солтүстік-батысында лай көшкіні жүріп, 7 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 13 тұрғын жарақат алып, 15 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғат апаты Вальдивия мекенінде болды. Таудан аққан лай-батпақ адамдар отырған дәмхананы басып қалған. Қазір апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жерігілкті билік дәмхана түнде жұмыс істеп, заңды бұзғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы