419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада күзендерден коронавирус табылды

  • 89
  • UPD: 17:07, 24.11.2020
Польшада күзендерден коронавирус табылды

Польшадағы фермалардың бірінде күзендерден коронавирус табылды, деп хабарлады Zet.

«SARS-CoV-2 вирусы фермадағы сегіз күзеннен анықталды», - делінген хабарламада.

Талдау нәтижелерін Гданьск медициналық университетінің ғалымдары растады. Қазіргі уақытта вирустың шығу тегін анықтау үшін терең генетикалық зерттеулер жүргізілуде.

Польшада коронавирус жағдайлары мен өлім жағдайларының күрт өсуі байқалады.

Хабар 24 телеарнасы