419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африкалық босқындар Канар аралдарына ағылуда

  • 95
Африкалық босқындар Канар аралдарына ағылуда

Канар аралдарын африкалық босқындар басып жатыр.

Мигранттардың түпкі мақсаты – Испанияға жету. Олар аралға Атлант мұхиты арқылы қауіпті қайықтармен келеді. Әдетте бұл көліктер адамға лық толы болады. Сондықтан, өкінішке қарай, босқындардың бәрі бірдей жағаға аман-есен жете бермейді. Халықаралық Көші-қон ұйымының мәліметі бойынша су жолымен келетін әр 16 босқынның біреуі ажал құшады. Осылайша жыл басынан бері 250-ден астам мигрант қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен. Гамбиялық мигрант 96 шақырым су жолы үшін 2375 доллар төлеп, бір апта жүргенін айтады.

Осман, гамбиялық келімсек:

– Біздің елде түк жоқ. Ішерге ас таппаймыз. Осы жерге жету мақсатында 96 шақырым су жолы үшін 2375 АҚШ долларын төледім және қауіпті қайықпен бір апта жүздік.

Хабар 24 телеарнасы