Теңіздегі құтқару қызметі мен Испанияның азаматтық күзеті теңіздегі қайықтардан табылған 300-ден астам мигрантты құтқарды.
Бұл туралы Канар аралдарының төтенше жағдайлар қызметі Twitter-де хабарлады.
«Кеше кешке теңіздегі құтқару қызметі мен Азаматтық күзет 11 қайықтағы 300-ден астам мигрантты құтқарды», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, қайықтардың біріндегі мигранттар Лансароте аралындағы Арресиф муниципалитетіне, қалғандары Гран-Канария аралындағы Аргинегин қаласына жіберілген.